Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жасөспірімнің қалтасындағы телефон жарылып кетті

Жасөспірімнің қалтасындағы телефон жарылып кетті

Оқиға Қырғызстанда 24 қарашада кешкі уақытта болған. Баланы күйік шалды.

14 жастағы баланың шалбарының қалтасындағы ұялы телефон жарылды. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше,  оқиға 24 қараша күні кешке Ыстықкөл облысының Тоң ауданына қарасты ауылдардың бірінде болды.

"14 жастағы Д.А.Тоң аудандық ауруханасына сағат 23:45-те түсті. Баланың көкірек қуысын, ішін, бұты мен оң жақ жамбасын бірінші және екінші дәрежелі химиялық және термиялық күйік шалған", — делінген хабарламада.

Жасөспірімнің қазіргі жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр, ол тиісті ем алып жатыр.  

Дереккөз: Sputnik

Автор
Бауыржан