Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жас шахматшылар жарады | | Ortalyq.kz

Жас шахматшылар жарады | | Ortalyq.kz

Оқылды: 10

Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында Тұңғыш Президент күніне орай 1-7 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өтті. Сайыстың өтуіне аталмыш мектептің үйірме жетекшісі Айман ИСАБАЕВА мұрындық болды.

Ұйымдастырушылар мен төрешілер балаларға ыңғайлы жағдай жасауға тырысты. Балалалар күнделікті сабақтан тыс уақыттарының текке өтпегеніне, пайдалы істің бірге жүзеге асқандығына өз сенімдерін білдірді. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені 1 «Б» сыныбының оқушысы Аңсар Ералы, I орынды 7»В» сыныбының оқушысы Әнуар Искаков пен 3 «Ә» сыныбының оқушысы Аяулым Ізтілеу иеленді. Сонымен қатар II орынға 5 «В» сыныбының оқушысы Ербұлан Мажкен, 7»Г» сыныбының оқушысы Шыңғысхан Түйтебек тұрақтады.

Бағлан ШЫМЫРБАЕВА,

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының мұғалімі.

БАЛҚАШ қаласы.

Автор
Жандос