KZNews.kz
Қоғам

Жас келін мәһрге "Лексус" сұрады: әлеуметтік желіде қызу талқыланған видео тарады

Ayzhan Sylanova
Коллаж: sn.kz

Видеода неке қиылған соң имам қалыңдықтан мәһрге не қалайтынын сұрайды.

Қыз бастапқыда жасқанып, "айта берейін бе?" деп болашақ жарына қарайды. Күйеу жігіт әзілмен оның батылырақ сөйлеуін сұраса, имам да қалжыңмен: "Қаламым жазып жатыр, айта беріңіз", – дейді.

Сол сәтте қалыңдық еш мүдірместен: "Лексус автокөлігі" деп жауап береді. Бұл күтпеген жауапқа имамның өзі таңырқап қалған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі жас келіннің талабын орынсыз әрі дүниеқоңыздық деп сынаса, енді бірі мұны ерлі-зайыптылар арасындағы өзара келісім ретінде қабылдап, қолдау білдірген.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары