Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жас кәсіпкерлер көбейіп келеді

Жас кәсіпкерлер көбейіп келеді

Форумға «ЮНЕСКО»-ның Қазақстандағы вице-президенті Ғани Бисенбаев, Түркістан облысы ауыл жастары одағының төрайымы Сабира Байзақова, «Содружество Қызылорда» қоғамдық қорының әлеуметтік-кәсіпкерлікті дамыту жобасының жетекшісі Азамат Жаппасов, «Жас Проджект» жобасының Қызылорда облысы бойынша кардинанты Баян Егізбаева және Қызылорда облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов қатысты. Сонымен қатар форумға Түркістан облысы және Шиелі ауданынан делегаттар келді.

Форумға қатысқан аудан әкімі Ғалым Әміреев жастарға алдағы жылға сәттілік тіледі.

«2018 жыл аудан жастары үшін табысты жыл болды. Әсіресе, кәсіпкерлік саласындағы жастардың саны өсіп, жұмыссыздық деңгейі азайды. Былтырғы жылдың қорытындысымен Жаңақорғанда жас кәсіпкерлердің саны 530-ға жетті. Өткен жылы 247 жас жұмыспен қамтылды. Биылғы меже бұдан да биіктен көрініп, ауданның өркендеуіне өз үлестерін қосу керек. Біз жастарға сенеміз, өйткені, жастар біздің болашағымыз», – деді аудан әкімі.

Форумға қатысушы қонақтар да тың жобаларымен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/
Автор
Жандос