Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жарыста мойын омыртқасын сындырып алған жас балуан көз жұмды

Жарыста мойын омыртқасын сындырып алған жас балуан көз жұмды
Pixabay.com

Спортшының денесі Ақтөбеге жеткізілді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. 

Жас спортшының денесі SCAT әуе компаниясының рейсімен жеткізілген. Оның жанында жаттықтырушысы мен тума-туыстары болды. 

– Бахтияр Ахай – Ақтөбе қаласының тумасы. Белдесу кезінде қарсыласының әдісінен кейін басымен құлап, ауыр жарақат алып, өмірден озды. Қонақасы бүгін болады. Ал, ертең шығару рәсімі өтеді, - деп хабарлады спорт басқармасы. 

Оқиға 7 қыркүйекте Ақмола облысы Ерейментау ауданында өткен 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Х дәстүрлі халықаралық турнир кезінде болды. Ақтөбелік балуан күрес әдісін орындау кезінде мойын омыртқасынан ауыр жарақат алып, есінен танып қалған. Бұл турнир Алаш идеясы жолында жанын қиған қайраткерлер мен Перуаш Кәрімұлының рухына арналды. 

Кейін дәрігерлер 2010 жылғы жасөспірім санитарлық авиациямен шұғыл Астана қаласындағы № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.