"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жарасбай Нұрқанов өмірбаяны

Жарасбай Нұрқанов өмірбаяны

Жарасбай Нұрқанов Анасұлы 1937 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданына қарасты Көктерек ауылында туған. Журналист, ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1984).

Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ді бітірген (1960). 

Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалімдіктен бастады (1962-1964). 

1965-1966 жж. "Тың өлкесі" газетінде әдеби қызметкер болып істеді. 1966-1974 жж. Целиноград облыстық "Коммунизм нұры" газетінде бөлім меңгерушісі болды. 

1974-1981 жж. – республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінің Целиноград облысы бойынша меншікті тілшісі. 

1981-1984 жж. – "Өнер" баспасының аға редакторы, 1984-1986 жж.– "Жазушы" баспасының аға редакторы. 1987 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысады.

Автор
Мадияр