Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жаппай вакцинациялауға қарсы. Көкшетаулықтар алаңға шықты (видео)

Жаппай вакцинациялауға қарсы. Көкшетаулықтар алаңға шықты (видео)
Көкшетау тұрғындары Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заң жобасы мен жаппай вакцинациялауға қарсылық білдіріп, орталық алаңға жиналды. Бас қосып видеоүндеу жариялады. Әлеуметтік желіде «Көкшетау қаласында митинг басталды» деген тақырыппен видео тарап жатыр. Алаңға шамамен 50 адам жиылған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от НАРОДНЫЙ ПАБЛИК КОКШЕТАУ (@kokshevideogram)

Аталған бейнежазбада ер адам Заң жобасына қатысты ойын айтады. Ақмола облысының әкімдігі жергілікті тұрғындар 25 қаңтарда сағат шамамен 11.00-де Тәуелсіздік алаңында жиналғанын хабарлады. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы мен жаппай вакцинациялауға қатысты видеоүндеу жасамақ болған. "Бұл мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, ішкі саясат басқармасының басшысы, Көкшетау әкімінің орынбасары және құқық қорғау органдарының басшы қатысты", — деп түсіндірді Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Автор
Данияр