KZNews.kz
Қоғам

Жапония тұрғыны 12 жыл бойы күніне тек 30 минуттан ұйықтаған (ФОТО)

KZNEWS

Ол өмір жасын ұзартуға тырысып жүр



Жапония тұрғыны Дайсуке Хори 12 жыл бойы күніне 30 минуттан ұйықтаған. Ол өмір жасын осы әдіс арқылы ұзартуға тырысып жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

SCMP жазуынша, Хего префектурасының 40 жастағы тұрғыны Дайсуке Хори өзінің миы мен денесін аз ұйықтауға дағдылаған. Күніне жарты сағат ұйықтап та, қалыпты жұмыс істеуге болады дейді ол. Тіпті, Хори ешқашан шаршамайтынын айтқан.

2016 жылы ол аз ұйықтайтын адамдардың қауымдастығын құрады. Ол жерде ұйқы және денсаулық тақырыбында сабақтар өткізеді.

Дәрігерлер ультра қысқа ұйқы бәріне бірдей сәйкес келмейтінін және оның салдары ауыр болатынын ескертеді.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары