KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

"Жаныңыздамыз, жүз жасаңыз": Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаеваға ерекше тілек арнады

• Қайсар Қанат
Ақерке Бүркітбай. Фото: instagram.com/akerkeburkitbay

Ақерке Бүркітбай Роза Рымбаеваға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, өнердегі жетістіктерінің жемісін көре беруіне тілектестік білдірді.

Әнші құттықтауында енесінің сахна төрінде әлі талай жыл жарқырап жүруіне ниеттес екенін жеткізген.

"Мам, туған күніңізбен! Деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ болсын! Әрдайым сахнаның төрінде жарқырап, еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Зейіннің қызығын көріп, әр жетістігіне қуана беріңіз! Жүрегіңіз тыныш болып, аман-есен жүз жасаңыз! Біз әрдайым жаныңыздамыз", – деп жазды Ақерке Бүркітбай.

Өнер иесі жылы лебізінде ұлы Зейінді де ерекше атап өтіп, Роза Рымбаеваға немересінің қуанышы мен жетістіктерін көруді тіледі.

Ақерке Бүркітбайдың құттықтауынан енесіне деген құрметі мен отбасылық жақындығы байқалады.

Айта кетейік, Ақерке Бүркітбай – Роза Рымбаеваның ұлы, әнші Әли Оқаповтың жұбайы. Өнерлі әулеттің келіні әлеуметтік желіде отбасына қатысты жылы сәттерді бөлісіп тұрады.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →