Танымал әнші Әділ Сламханның жұбайы Дана Маханбаева отбасындағы қайғылы жағдайға байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Дана Маханбаева Instagram парақшасында атасының дүниеден өткенін білдіріп, оған деген сағынышы мен қимастық сезімін жеткізді.
Ол марқұмның Таразға барған сайын ақ батасын беріп, амандық тілеп отыратынын еске алды.
"Жаным атау, күңіренген күзде қайттыңыз ба? Таразға барғанда «Бәрің аман жүріңдер» деп бата беріп отырушы едіңіз. Иманды болыңыз", – деп жазды Дана Маханбаева.