"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі шахматшылар тізімінде көш бастады

Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі шахматшылар тізімінде көш бастады

Қазақстандық Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі үздік шахматшылар тізімінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазіргі таңда Жансая шахматтың үш түрі бойынша да Эло рейтингінде үздіктер тізімінде алға шыққан. Атап айтар болсақ, "классика", рапид (жылдам шахмат: уақыты шектеулі партия) және блиц (жылдам ойын) бойынша үздік атанып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін бірде-бір қазақстандық шахматшы әлемдік бұл рейтингте шахматтың үш түрі бойынша бір мезетте көш бастамаған. Сондықтан Жансаяның жетістігін тарихи деп бағалауға болады.

Жансая Әбдімәлік 2018 жылдың желтоқсан айында өткен әйелдер арасындағы жылдам шахматтан әлем чемпионатында 6-орын алған болатын.  

Дереккөз: https://massaget.kz/
Автор
Арман