Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жанбота Досан | өмірбаяны

Жанбота Досан |  өмірбаяны

Жанбота Досан (Жалаулы) - 1935 жылы 10 мамырда Алматы облысы, Кеген ауданы (қазіргі Райымбек ауданы), Жалаулы ауылында дүниеге келген. Мектепте оқып жүргенде «Коммунизм нұры» (қазіргі «Жетісу») облыстық газетінде, «Қазақстан пионері» («Ұлан») мен «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат») журналында алғашқы өлеңдері жарық көрген. 

1964 жылы ҚазМУдің тарих факультетін бітірген. 

1965 жылы Қазақ КСР телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің телестудиясында әдеби қызметкер, 1968 жылы қазақ радиосының «Шалқар» редакциясының әдебиет бөліміне жетекшілік етті. 

1975 жылы «Жалын» баспасына ауысты. «Жалын» әдеби альманахында проза бөлімінің меңгерушісі қызметін 1986 жылға дейін атқарды. 

1986–1996 жж. Қазақ энциклопедиясы баспасында еңбек етіп, зейнетке шықты. «Жер жылуы» повестер жинағы, «Дүниедегі ең ұзақ жол» атты романы, «Тастар сыр шерткенде» деген повесі, «Шыңдағы шынарлар» (Даулы ағаларымай) деректі әңгімелері, «Дала оттары» повесі жарық көрді.

Қайнар қөз: http://www.writers.kz

Автор
Мадияр