Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы ерекшеліктер
20.01.2019
12:26
0
5

Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы ерекшеліктер
Автор: Молдашева Айгуль Ануарбековна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-01-19
Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған бөлім
Орал қаласы, №20 жалпы орта білім беретін мектептің I-санатты, III - деңгей бойынша сертификатталған бастауыш сынып мұғаліміМолдашева Айгуль АнуарбековнаЖаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы ерекшеліктер Қазақстан мектептерінде орта білім мазмұнын жаңарту аясында жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларын даярлауға және енгізуге не себеп болды ? Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы – таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады. Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын жаңартудың мәні осында. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Спиральді білім беру бағдарламасының басымдықтары:
- - Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі;
- - Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
- - бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі;
- - оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
- - оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;
- - білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
- - бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
- - оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан |
Барлығы мен туралы | Менің отбасым және достарым | Саяхат | Тағамдар және сусындар |
Менің мектебім | Бізді қоршаған әлем | Салт-дәстүрлер және ауыз әдебиеті | Дені саудың - жаны сау! |
- оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады;
- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады;
- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
- спиральді білім беру бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ