“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңаөзенде үй жарылып, үш адам зардап шекті - Тосын жай

Жаңаөзенде үй жарылып, үш адам зардап шекті - Тосын жай

Жаңаөзенде үй жарылып, қирап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы жарияланды. 

Видеода жарылыстың салдарынан үйдің қалпы түсірілген. Сол өңірде шаң көтеріліп, жергілікті тұрғындар қауіпсіз жаққа жүгіріп жатыр. 

ТЖК мәліметінше, оқиға Рахат-2 ықшамауданында болған. 16 қарашада 16:15-те оқиға туралы хабар түскен. 

"Табиғи газдың таралуынан жарылыс болған. Артынша 204 шаршы метр болатын үй қирап қалған. Өрт сөндірушілер қирандылар астынан екі адамды алып шықты. Әр түрлі дене жарақатымен 3 адам ауруханаға түсті", - деді ведомство өкілдері. 

Оқиға орнына Маңғыстау облыстық ТЖД жеке құрамының 20 маманы мен үш арнайы техника жұмылдырылды. 

Автор
Жандос