Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңаөзенде автокөлік жарылды

Жаңаөзенде автокөлік жарылды

Өрт кезінде 1987 жылы туған ер адам зардап шекті.

Жаңаөзенде кеше кешке, 13-қаңтар күні Toyota Cаmry автокөлігі отқа оранып, сосын жарылып кетті, деп хабарлайды Jasqazaq.kz.

Төтенше жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Өрт сөндірушілердің мәліметінше, жалын 11 минутта сөндірілген, алайда артынша жарылыс болған. «Автокөлік толығымен жанып кетті. Өрт кезінде 1987 жылы туған ер адам зардап шекті. Өртке не себеп болғаны анықталып жатыр», — деп атап өтті Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолдарының білезігі мен бетін күйдіріп алған зардап шегуші ауруханаға түсті. Оның жағдайы тұрақты, Науқас қазіргі таңда Жаңаөзен қалалық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Жандос