KZNews.kz
Қоғам

Жанәбіловтердің көлік ұтысына қатысты іс сотқа түсті

Torgyn Abushakhman

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс түсті, деп хабарлайды Kznews.kz

Іс материалдары

Сот органдарының «Сот кабинеті» жүйесіндегі деректерге сәйкес, іс бүгін, 28 тамыз күні қаралған.

Автокөлік ұтысы

Белгілі блогер Ерболат Жанәбілов (8,4 млн жазылушысы бар) және оның жұбайы Эльмира Толегенова (7,1 млн жазылушысы бар) 11 автокөлікті ақылы курс арқылы ұтысқа қойғаннан кейін дау-дамайға ілікті.

Қаржы мониторингі агенттігі мен Ойын бизнесін реттеу комитеті блогерлердің әрекеттерінің заңдылығын және ашықтығын тексеріп жатыр.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары