KZNEWS.KZ
Басты тақырып

Жаңа жылда АЕК мөлшері 2 917 теңгені құрады

• Айбар

Қазақстанда жаңа жылдағы ең төменгі жалақы мен ең аз зейнетақы мөлшері нақтыланды. Аталған көрсеткіштер ел президенті қол қойған "2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда:

- ең төменгі жалақы - 42 500 теңге;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18 524 теңге;

- ең төменгі зейнетақы - 43 272 теңге;

- салықтар және басқа төлемдерді төлеудің айлық есептік көрсеткіші - 2 917 теңге;

- күнкөрістің ең төменгі мөлшері - 34 302 теңге.

Жасы бойынша және еңбек стажына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын азаматтар үшін 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 7 пайызға өседі.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін қаражат мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге және арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік қызметтердің тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін ай сайынғы қаражат - 3 739 теңгені құрайды.

Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →