«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа Зеландияда мешітке оқ жаудырған күдікті 11 жасар қыз үшін кек қайтарған

Жаңа Зеландияда мешітке оқ жаудырған күдікті 11 жасар қыз үшін кек қайтарған
Алдын ала мәлімет бойынша Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы мешіттердегі шабуылдың себебі белгілі болды деп хабарлайды Mash Телеграмм-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Mash ақпаратынша, шабуылдаушылардың арасында 28 жастағы австралия тұрғыны Брентон Таррант болған. Мешітте оқ жаудырған қаруда еуропа өркениетінің қалыптасуының нігізгі сәттері жазылған.Соның ішінде 1770 жылғы орыс-түрік соғысы кезіндегі Кагулдегі шайқас.

Шабуыл жасамас бұрын австралиялық азамат 74 парақшада үндеухат жазып, өзінің ісін лаңкестік әрекет деп атап, неонацизм Інжілінен дәйексөздер келтірген.

Сондай-ақ Брентон мешітке шабуылдауға итермелеген оқиға ретінде, лаңкестердің 2017 жылғы шабуылын келтірген.

"Ол 11 жастағы құрбан — Эбба Аккерлюндты ерекше атап өткен. Сол үшін кек қайтаратынын айтқан", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, Жаңа Зеланияда екі мешітке шабуыл жасалып, 50-ге тарта адам қаза болды.

Полицейлер күдіктілерді тұтқындады.

Автор
Санжар