Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа рекорд: Түркістандық батыр Медеуде 100 келілік мүсінмен 842 баспалдақты жүріп өтті

Жаңа рекорд: Түркістандық батыр Медеуде 100 келілік мүсінмен 842 баспалдақты жүріп өтті
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, Арыс қаласының спортшысы Азамат Мақұлбеков бұған дейін V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында алыптар сайысында жеңіске жетіп, ел абыройын асқақтатқан. Бұдан бөлек, ол 40 келілік қошқарды 3 555 рет отырып-тұрып көтеріп, Қазақстан рекордтар кітабына кірген болатын.

Бұл жолы спортшы жаңа белесті бағындырды. Ол «Медеудің» 842 баспалдағын 34 минут 28 секундта еңсеріп, қолындағы 100 келілік өгіз мүсінді шыңға дейін жеткізді. Осылайша оның жетістігі Қазақстанның КИнЭСК рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді.

«Бұл еңбекқорлықтың, табандылықтың және ерік-жігердің жарқын үлгісі болды», – делінген ресми хабарламада.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.