Жаңа мектеп, жаңа мүмкіндіктер: Президенттің білім саласындағы стратегиясы

Мемлекет дамуында білім саласының басты назарда болуы елдің алдағы уақытта бәсекеге қабілетті мемлекет болуына ықпалын тигізеді. Білім саласының дамуын қолдау – президентіміздің басты принциптерінің бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін реформалауға әрқашан ерекше көңіл бөліп келеді. Ол білім саласынмемлекеттік саясаттың стратегиялық бір бөлігіретінде қарайды. Президенттің білім саласынбасқару тәсілі кешенді жаңғыртуға, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, педагогтерді қолдауға және халықтың барлық әлеуметтік топтары үшін білімге қолжетімділікті етугенегізделген.
Елімізде соңғы жылдары білім беру саласында кең көлемді көптеген өзгерістер жүргізіліп жатыр. Бұл реформалардың басты мақсаты – азаматтарға, әсіресе шалғай өңірлердегі жастарға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл өзгерістер қоғам сұранысына, жаһандық үрдістерге және цифрлық талаптарға сайжасалуда. Бұл бағытта цифрлық технологиялардың рөлі маңызды екені анық. Президентіміздің білім саласындағы саясатының негізгі бағыттарының бірі – оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсарту. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін барлық санитарлық, цифрлық және архитектуралық талаптарға сай 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған.
Пандемия кезеңінде Қазақстандағы мектептертолығымен онлайн оқыту форматында сабақ өткізуге мәжбүр болды. Бұл уақытта 7000-нан астам мектеп онлайн оқытуды қолға алды. Алайда, кейбір аймақтарда интернеттің сапасы мен қажетті техникалардың жетіспеушілігі көптегенқиындықтар туындатқаны да жасырын емес. Осылайша, 2023 жылы тіркелген мәліметтерге сәйкес, 6414 мектептің интернет жылдамдығы халықаралық стандарттарға сай емес екндігі анықталды. Осы олқылықтарды түзету мақсатында үкімет нақты әрекеттер жасауға қадам басты. 2025 жылға дейін білім саласына мемлекет қаржысынан 27 миллиард АҚШ доллары бөлінеді депжоспарланған болатын. Бұл қаражат мектептерді техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, интернет желісін күшейтуге және мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдіруге жұмсалатын болады.
Цифрлық білім беру платформалары – білімге қолжетімділікті арттырудың тиімді жолы. Қазақстанда BilimLand, Daryn.online, EduPage сынды ресурстар белсенді түрде қолданылады. Бұл платформалар оқушылар мен мұғалімдерге оқытуды қашықтықтан жүргізуге, материалдарды меңгеруге және кері байланыс алуға таптырмас мүмкіндік. Мысал ретінде, Батыс Қазақстан облысында, 2023 жылы 160 мектеп дәл осындай платформалар арқылы жұмыс істегендігін алға тарта аламыз. Соңғы жылдары 350 мыңнан астам мұғалім цифрлық технологиялар мен онлайн оқыту әдістері бойынша қайта даярлаудан өтуге мүмкіндік алған. Бұл мүмкіндіктер мұғалімдердің жаңа форматтарға бейімделуіне және білім сапасының артуына көмектесері анық. «Жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді. Ал мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты. Бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан, бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет. Заманауи технологияның көмегімен білім беру жүйесін жедел әрі тиімді жаңғыртуға болады. Біз білім саласын ең үздік халықаралық стандарттарға сай дамытуымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.
Жоғары оқу орындарына келсек, бұл салада да ауқымды өзгерістер жүзеге асып жатыр. Бірқатар университеттер цифрлық университет моделіне көшіп, оқу үрдісін толығымен жаңаша форматта ұйымдастыруды қолға алуда. Coursera платформасымен әріптестік арқылы 93 университеттің студенттеріне 40 мыңға жуық лицензия беріліп, әлемнің үздік университеттерінің курстарына қол жеткізу мүмкіндігі жасалды. Бұл білім беру саласының ашықтығын, сапасын арттырып, студенттердің кәсіби бәсекеге қабілеттілігін нығайтуда. 2025 жылға дейін 100 мың студентті қамтитын AI-SANA жобасы іске қосылып, оның аясында 20 университет жаңа білім беру бағдарламаларын жасап шығарды.
Жалпы алғанда, білім беру жүйесінде қолға алынған бұл өзгерістер – елдің адами капиталына бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция. Қашықтықтан оқыту, цифрландыру, педагогтарды оқыту және халықаралық тәжірибені енгізу – осының барлығы болашақ ұрпаққа сапалы білім беруге және әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізуге жол ашады.