"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жаңа адаммен жаңа өмір сүремін": Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші жаңалығын жеткізді

"Жаңа адаммен жаңа өмір сүремін": Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші жаңалығын жеткізді

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова баспаналы болғанын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі қуанышты жаңалығын жеткізіп, желіде видео жариялады. 

"Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір", – деп жазды бейнежазбада. 

Сондай-ақ кино жұлдызы қиын сәтте қолдау білдірген көпшілікке алғыс білдірді. 

"Бір жыл бойы қатты қиналдым. Сіздер ауырғаныма, күрескеніме, кейбір жайттарды үнсіз жұтқаныма, жақынымнан көрген опасыздыққа куә болдыңыздар! Басыма келген сынағыма сынып кетпей, ешкімге жалынбай, жылап-сықтамай, ешкім жайында лям-мим демей өмір сүрдім. Күл-талқан боп қирап жатқан жерімнен жинақталып, қайта тұрғаныма, эмоцияға берілмей сабырлық танытқаныма сіз – менің оқырманым, шынайы әрі мейірімді жанашырым куә болдыңыз! Мені қолдаған, дұғада болған әрбір жанға алғыс айтамын! Тілектеріңіз өздеріңізге, ұрпақтарыңызға еселеніп бұйырсын, – дейді актриса.

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылып қалған келініне көмектеспейтінінайтқан еді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.