Жаңа адамдар бірден екі әлеуетті педофилді әшкереледі

Жаңа адамдар қозғалысының «124» азаматтық науқаны кәмелет жасқа толмаған қыздың әлеуметтік желідегі профиліне қызығушылық танытқан екі әлеуетті педофилді әшкереледі.
Команда 12 жасар қыздың атынан жалған анкета құрған. Бұл профильге бірден бірнеше антиқаһарманқызығушылық танытты. Солардың бірі бірінші болыпө зін «Розбай» деп таныстырып, бірнеше ай бойы қызбен хат алмасып, порнографиялық мазмұндағы хабарламалар жіберген. Кейінірек ол жыныстық сипаттағы тікелей ұсыныстар жасай бастады және кездесу туралы келіскен.
«Не үшін келдің?» деген сұраққа: «Бәліш жеуге келдім», — деп жауап берген. Екіншісі — лақап аты «Просто Нурда» — хат алмасудың орынсыз екенін түсініп, оны құпия сақтауды сұраған. Ол да интимдік сипаттағы суреттер жіберіп, жеке кездесуге тырысқан.
Белсенділер әлеуетті педофилдердің шынайы есімдерін анықтады. Біріншісі — Розбай Султанбеков, 17.02.1996 жылы дүниеге келген. Үлгілі ұл, тілалғыш жұмысшы, жақсы әке де болуы мүмкін. Құрылыста еңбек етеді. Екіншісі — Амайданов Нурдаулет, 20.10.2003 дүниеге келген. Ол да құрылыста жұмыс істейді.
Кездесу олар ойлағандай болмады. Оларды камера объективі және Жаңа адамдар белсенділері дайындаған «қарабетдәлізі» күтіп тұрды. Олардың барлық хабарламаларымен суреттері тіркелді. Олардың есімдері және айғақта құқық қорғау органдарына тапсырылды.