Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл Артықбаев | өмірбаяны

Жамбыл Артықбаев |  өмірбаяны

Жамбыл Омарұлы Артықбаев (20.8.1959 жылы туған, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы Жаңақала ауылы) – тарих ғылымдарының докторы (1997), профессор (2001).

Қарағанды мемлекет университетінің тарих факультетін (1984) және Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтының аспирантурасын бітірген. Қарағанды мемлекет университетінің тарих факультетінде оқытушы, доцент, декан, профессоры (1984–2001). 1997 жылдан осында кафедра және лаборатория меңгерушісі. Павлодар мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (2003–08), 2008 жылы Астана қаласындағы Мемлекет тарихы ғылым-зерттеу институты директорының орынбасары болып қызмет атқарды. «ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылым еңбектері 15–19 ғасырлардағы қазақ қоғамының этноәлеумет мәселелерін зерттеуге арналған.

Артықбаев Қазақстан тарихы мәселелерін қарастыратын бірқатар кітаптар мен оқулықтардың («Этносоциальная структура казахов Северо-Центрального Казахстана во второй половине 19 в.», 1989; «История Казахстана в 19 в.», 1992; «Бухар жырау. Двенадцать историй», 1994; «Этносоциальная структура казахского общества в 18 в.», 1997; «Казахское общество в 19 в.: традиции и инновации», 1993; «История Казахстана», 1999; «Сарыарка – колыбель степной цивилизации», 1999; «Этнология и этнография», 2001; «Казахское общество: традиции и инновации», 2003) авторы.Артықбаев Ж.О.

Автор
Мадияр