Актриса әрі әнші Салтанат Бақаева соңғы уақытта өзін жайсыз сезінгенін айтып, желідегі оқырмандарын алаңдатып қойды.
Өнер иесінің айтуынша, жақында ол тісіне ота жасатып, біраз уақыт бойы тамақ іше алмаған.
"Көптің сұрауы бойынша қалай азғанымды айтамын деп шештім. Жаман айтпай жақсы жоқ демекші жақында тісіме ота жасалғанын айтқан болатынмын. Ота болған соң кескен жерлерін лескамен тіккен болатын... Леска өздеріңіз білесіздер үшкір болып келеді, ауыздың нәзік терісіне пышақ тыққандай сезілді… Соның салдарынан жарты ауызым стоматит болып 10 күндей ауызыма тамақ алмадым. Сондықтан азудың бір ғана амалы ол тамақ ішпеу екен қыздар", – деді Салтанат Бақаева.