KZNews.kz
Спорт

Жалғас Жұмағұлов әлемнің ең үздік 15 спортшысы қатарына енді

KZNEWS

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең үздік 15 спортшының қатарына кірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Fight Nights Global тұжырымының рейтингісінде Жалғас Жұмағұлов 14-орынға жайғасқан. 

Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыздың салмағында ең үздік сатыда UFC чемпионы Деметриус Джонсон тұрса, екінші орында Хенри Сехудо тұр. 

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегінде Тагир Уланбековты жеңіп, чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын. 


Дереккөз: prosports.kz/kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары