Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баспасөз мәслихатында отбасының табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді енгізіп, әл-ауқат деңгейін анықтайтын жүйені сынап көрді. Нәтижесінде оның отбасы В санатына жатқызылған, деп хабарлайды kznews.kz.
Отбасының табысы мен мүлкі туралы ақпарат жүйеге енгізілгеннен кейін, ол В санатына жатқызылған. Бұл санатқа енуіне байланысты 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап министрдің отбасы көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы ала алмайтыны хабарланды.
Сондай-ақ Еңбек министрлігі отбасының шығынын есептеу сервисін Отбасының цифрлық картасына желтоқсанға дейін толық қосуды жоспарлап отыр. Ведомство мәліметінше, азаматтардың әл-ауқатын бағалау кезінде несие жүктемесі де ескеріледі.
Жаңа жүйе отбасының кірісі мен шығысын, мүлкін және өзге де қаржылық көрсеткіштерін ескере отырып, әлеуметтік жағдайын анықтауға бағытталған.