Қазақстанда жала жабу туралы бап қылмыстық кодекстен алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жаңа заң жобасы екі ақ үшін де мәселенің ашықтығын қамтамасыз етпек. Заң жобасы бойынша енгізіліп жатқан ереже ақша үнемдеуге бағытталған", - деді сенат депутаты Андрей Лукин.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қылмыстық кодекстің 130-шы "Жала жабу" бабы әкімшілік кодекске ауыстырылды.
Бұған қоса жаңа заң бойынша жеке сот орындаушылардың қызметіне бақылау күшейтіліп, олардың жауапкершілігі артады.
Сенатта қабылданған заң президент әкімшілігіне жіберіліпті.
stan.kz