KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жайық өзенінде ақмарқа балық қырылды - Ел жаңалықтары

KZNEWS

Атырауда өзендегі ақмарқа балық қырылды, - деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бұл әуелі әлеуметтік желілерде айтылды - Жайық бетінде ақмарқалардың жайрап жатқаны. Артынша әуесқой түсірілімдегі көріністер көзге түсті. Атырау халқын алаңдатқан оқиғаға тілшілер назар аударып, тиісті мекемелерден ақпарат сұрады.

Облыстағы балық шаруашылығы саласының басшылығы мән-жайды білу үшін ведмоствоаралық комиссия құрылғанын, оның құрамына облыстағы өкілетті органдардың мамандары бар екенін айтты. Балықтардың неден қырылғанын солар анықтауы тиіс.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары