KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жахан Отарғалиевтің әкесі жол апатына ұшырады

Ayzhan Sylanova
Фото: instagram/zhahan_utargaliyev

Өнер иесі оқиғаны әлеуметтік желіде жариялап, көпшілікті абай болуға шақырды.

«Өткен жұма күні таңертең әкем жол апатына түсті. Құдайға шүкір, аман қалды. Рульде отырған такси жүргізушілері де асықпай, сақ болғаны жөн. Сіздерді үйде бала-шағаларыңыз күтіп отыр», – деп жазды ол.

Актердің айтуынша, әкесінің аяғы жарақат алып, ісіп кеткен. Қазіргі уақытта ол қаладағы ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

«Ең бастысы – әкем тірі. Әке-шешеміз аман болсын. Алла ешкімге көтере алмайтын сынақ бермесін», – деп атап өтті Жахан Отарғалиев.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары