KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жағалаудан 12 балықшының мүрдесі, иесіз 89 кеме табылды

KZNEWS

Жапония жағалауларынан 12 балықшының мүрдесімен иесіз 89 кеме табылды.

Биылғы күздің басынан бері Жапонияның солтүстік жағалауларынан балықшылардың иесіз 89 шағын кемесі табылған. Бұл туралы сейсенбіде The Japan News басылымы ұлттық жағалау күзетінің деректеріне сүйене отырып хабарлады.

Болжамдарға қарағанда, бұл шхуналар КХДР балықшыларына тиесілі болған. Олардан 12 балықшының мәйіті табылды. Өткен жылдың осы кезеңінде Жапония жағалауларынан 59 тастанды кеме табылған болатын. Олар да Солтүстік Корея балықшыларына тиесілі болған.   

Дереккөз: ҚазАқпарат

KZNEWS
Автордың басқа материалдары