Баян Алагөзова уәдесінде тұрып, Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жезқазғанда Металлург күні қарсаңында Қаныш Сәтбаевтың рухына тағзым етілді

Жезқазғанда Металлург күні қарсаңында Қаныш Сәтбаевтың рухына тағзым етілді

Жезқазғанда Металлург күніне арналған мерекелік іс-шара көрнекті ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Салтанатты рәсімге Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков, Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі, металлургия жөніндегі бас операциялық директор, «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС бас директоры Жәнібек Байғабелов, өңір басшылығы, еңбек ұжымының өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар есімі Қазақстанның тау-кен металлургия саласының дамуымен және өңірдің минералдық байлығын игеру тарихымен тығыз байланысты көрнекті тұлға Қаныш Сәтбаевтың рухына тағзым етті. Оның ғылыми мұрасының арқасында Жезқазған еліміздің ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Ұлы ғалымның идеялары бүгінде де кеншілер мен металлургтердің жаңа буынына бағыт-бағдар беріп келеді.

Гүл шоғын қою рәсімі отандық металлургия тарихына деген құрметтің, сондай-ақ саланы дамытып,  еңбек дәстүрін жалғастырып келе жатқан ұрпақ сабақтастығының символына айналды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.