Ұлттық қауіпсіздік комитеті "QazaqGaz Aimaq" АҚ-ның Жетісу облысындағы өндірістік филиалының басшысы Айбек Ерғалидың ұсталғанын ресми түрде растады.
Құзырлы органның мәліметінше, аталған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты іс бойынша өзге деректер жария етілмейді. ҰҚК өкілдері қылмыстық іс материалдары заңнамаға сәйкес жариялауға жатпайтынын атап өтті.
Назар аударарлығы, ұсталу фактісі Айбек Ерғалидың бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ашық брифингінен кейін бір күн өткен соң тіркелген. Аталған брифингте ол Жетісу облысындағы халық үшін газ бағасының өсуіне қатысты мәселелерге түсініктеме берген болатын. Бұл тақырып қоғамда кең талқыланып, қарсылық туғырған еді.
Ресми емес дереккөздерде тараған ақпаратқа сәйкес, тұтқындау мен тергеу Қылмыстық кодекстің 366-бабы, яғни, "Пара алу" бойынша жүргізілуі мүмкін.