Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жетісу облысында көршісін күрекпен ұрған күдікті бостандықта жүр

Жетісу облысында көршісін күрекпен ұрған күдікті бостандықта жүр
Фото: Halyqstan телеграмм арнасы

Ақсу ауданына қарасты Суықсай ауылында жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды kznews.kz. Halyqstan телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Үшінші наурыз күні кәмелетке толмаған баласына боқтық сөз айтқан көршісімен сөзге келіп қалған әйел аяусыз соққыға жығылған. Зардап шеккен адам ауылда акушер-гинеколог болып жұмыс істейді екен.

Куәгерлердің айтуынша, жергілікті тұрғын әйел түскі үзілісте үйіне келген кезде көршісінің шабуылына ұшыраған. Ал жанжал тұрмыстық негізде басталған көрінеді. Ер адам әйелдің кәмелетке толмаған балаларына тіл тигізген. Әйел оған ескерту жасаған сәтте, ол қар тазалап жүрген күрегін алып, әйелге тап берген. Күдікті әйелге шамамен қырыққа жуық соққы жасаған, оның ішінде басынан да ұрған. Зорлықшыны тек көмекке келген мектеп мұғалімдері тоқтата алған.

Шабуылдан зардап шеккен әйел жедел түрде Ақсу аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер бас-ми жарақатын, ми шайқалуын, бастың ашық жарасын анықтаған. Сондай-ақ, жәбірленушінің сол қолының сынуы, саусақтарының жыртылуы және кеуде тұсы мен арқа жұмсақ тіндері жараланғаны белгілі болды. Тексеруден кейін науқас хирургия бөліміне жатқызылып, басы мен қолдары тігілген.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмаған. Қазір өз көршісіг аяусыз соққыға шыққан адам бостандықта жүр. Куәгерлердің айтуынша ол соққы жасаған кезде мас болған.

Еске салайық, бұған дейін осы Суықсай ауылдық округіне қарасты Баласаз ауылында болған қайғылы оқиға елді дүр сілкіндірген еді. Ол кезде Айзат Жұманова күйеуінің соққысынан көз жұмып, сот Айбар Жанболатты 14 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.