«Жетісу» футболшыларының ұятсыз әрекеті жабайылық па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Жетісу» футболшыларының ұятсыз әрекеті жабайылық па?

«Жетісу» футболшыларының ұятсыз әрекеті жабайылық па?
Фотоиллюстрация kznews.kz

Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында өткен «Оқжетпес» – «Жетісу» матчынан кейін алаңдағы нәтижеден гөрі қонақ команданың әрекеті көпшіліктің сынына ұшырады. Кездесу аяқталған соң талдықорғандық клубтың бірқатар ойыншысы жабайылық көрсетіп, Көкшетаудағы стадионның қонақтарға арналған киім ауыстыратын бөлмесін бүлдіріп кеткен, деп хабарлайды kznews.kz.

18-турдағы кездесуде «Оқжетпес» өз алаңында «Жетісуды» 2:0 есебімен сенімді жеңді. Осылайша көкшетаулық клуб турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып, 30 ұпаймен Қазақстан Премьер-лигасының үздік үштігіне көтерілді.

Алайда матчтан кейін назар футболға емес, қонақ команданың әрекетіне ауды. Мәліметке сәйкес, «Жетісудың» кейбір футболшылары эмоцияға беріліп, қонақтарға арналған киім ауыстыратын бөлмедегі мүлікті бүлдірген.

Спортта жеңіс те, жеңіліс те болады. Алайда кәсіби спортшы үшін нәтижені лайықты қабылдау – ойын мәдениетінің маңызды бөлігі. Эмоцияны түсінуге болады, бірақ ол өзгенің мүлкіне зиян келтіруге немесе спорттық этиканы бұзуға себеп бола алмайды.

Мұндай әрекет тек клубтың ғана емес, тұтас қазақстандық футболдың беделіне нұқсан келтіреді. Енді бұл жағдайға Қазақстан футбол федерациясы мен Премьер-лига басшылығының қандай баға беретіні және тәртіптік шара қолданылатыны көпшіліктің назарында.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.