KZNews.kz
Жаңалықтар

Жетісайдағы өртте қаза тапқан келіншектің соңғы видеосы жұртты жылатты

Қайсар Қанат
SN.kz

Түркістан облысының Алғабас ауылында 12 адамның өмірін қиған қайғылы өрттен кейін марқұм келіншектің соңғы видеосы әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің жанарына жас үйірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қаза тапқан үй иесінің жұбайы Динара Қадірбекқызының жеке парақшасында сақталған видеода оның туған күнін атап өтіп отырған сәті көрінеді. Желі қолданушылары бұл кадрларды көріп, жас анаға қатысты терең күйзеліс білдіріп, отбасына қайғыра көңіл айтуды жалғастыруда.

Сонымен қатар парақшасында отбасының сүндет тойынан түсірілген видеолар да жарияланған. Бір күн бұрын ғана қуанышқа толы болған отбасының ертесіне орны толмас қасіретке тап болуы жұртты күйзелтті.

Еске сала кетсек, 18 қараша күні Алғабастағы екі қабатты үйде өрт шығып, 12 адам қаза болды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары