Білім

Зергерлік бұйымдар

Зергерлік бұйымдар

Күні:
Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Зергерлік бұйымдар
Мақсаты:      1.Балаларға ермексазды пайдаланып,зергерлік бұйымдардың ішінде білезіктерді  мүсіндеп үйрету.
2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:   Зергерлік бұйымдар бейнеленген сурет.
Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Ермексаздан зергерлік бұйымдардың ішінен білезікті мүсіндеп  үйренеміз.
V Жаңа сабақ
Тақпақ: Білесің бе бұл істі
Зергерлікке кім дайын?
Балқытып ап күмісті
Сапырады судайын
Осы жұмыс ырғағы,
Білезік пен алқаны
Сақинаны сырғаны
Күміс сымнан тартады.
 Ермексаздан білезіктің жасалу жолы түсіндіреді.0     

Сергіту сәті:Бойымызды ұзартып
                      Биікке қол созайық
                      Бармақ басын қозғалтып
                       Беске жұмыс жасайық.

VI Пысықтау
-Қандай зергерлік бұйымдарды білесің?
-Зергерлік бұйымды неден жасайды?

VII Бекіту
Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен білезіктің мүсінін жасайды.

VIII Бағалау
            Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz