KZNEWS.KZ
Әлем

Жер сілкінісі қаупі: 182 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

• Айжан Сыланова
Фото: EADaily

Жапония билігі елдің солтүстік өңірінде болған күшті жер сілкінісінен кейін магнитудасы 8,0-ден асатын жойқын дүмпу қаупі бар екенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Ивате префектурасы жағалауында 7,7 балдық жер сілкінісі тіркеліп, оның әсері Токиоға дейін сезілген. Артынша Кудзи портына 80 см-лік цунами толқыны жетті.

Билік 182 мыңнан астам тұрғынға эвакуациялану туралы ескерту жасап, алдағы күндері қайталама күшті дүмпулер болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Үкімет жанынан арнайы дағдарыс штабы құрылып, жағдай бақылауға алынған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →