Әл-Фарабидегі 3 адамның өліміне әкелген жол апаты: прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде жұлдыз болған қазақстандық спортшы аниме “кейіпкеріне“ айналды

Желіде жұлдыз болған қазақстандық спортшы аниме “кейіпкеріне“ айналды
Видеодан кадр, фото: instagram.com/hay_nyash

Әлеуметтік желілерде Өскеменнен шыққан жеңіл атлет Жасмин Бегалинова әлі де қызу талқыланып жатыр. Спортшының жарқын бейнесі әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерді шабыттандырды, тіпті бір видеокреатор оған арнап әсерлі аниме түсірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Автор спортшының турнирдегі өнер көрсету сәтін негізге ала отырып, ерекше стильдегі ролик жасап шығарған.

"Биіктік - оның стихиясы. Жасмин - қазақстандық хай-джамптың болашағы", - деп атап өтті Кәрім есімді видео авторы.

Кейінірек автор жеңіл атлеттің нақты фотосуреттерін референс ретінде пайдаланудан бас тартқан. Оның орнына ол спортшының стадионға шығуға дайындығынан бастап, "Блю Лок" спорттық аниме стиліндегі "супер-секірісіне" дейінгі толыққанды шағын эпизодты нөлден бастап жасап шықты.

Роликтер 500 мыңнан астам қаралым мен 20 мыңнан астам лүпіл жинады.

"Өте әдемі!", "Сен бір күні жұлдыз болып, Олимпиада ойындарында Қазақстанға алтын сыйлайсың!", "Жарайсың, бойжеткен! Енді оған брендтерден келісімшарттар да түседі", "Керемет, ол "Бесінші элементтегі" Лилуға ұқсайды екен!", - деп жазды желі қолданушылары пікірлерде.

Осы кадрлардан шабыт алған әртүрлі елдің әуесқой суретшілері спортшының танымал фотосын түрлі стильде жаппай қайта сала бастады.

Фан-арттар әлеуметтік желілерде әлі де жариялануда, ал Жасминнің өзі соңғы күндері ең көп талқыланған қазақстандық спортшылардың бірі болып қала бермек.

Еске сала кетейік, өткен аптада ШҚО-дан шыққан жеңіл атлет Жасмин Бегалинова кенеттен шетелде желі жұлдызына айналған болатын. Бойжеткеннің биіктікке секіру жарысында ерекше шаш үлгісімен өнер көрсеткен кадрлары әлемге лезде тарап кетті. Шетелдіктер қазақ қызының сырт келбетіне жаппай тәнті болып, оны танымал видеоойындардың кейіпкерлерімен салыстырды.

Сол кезде біз Жасминмен тілдесіп, оның 18 жаста екенін, Өскеменде тұратынын және колледжде жаттықтырушы мамандығы бойынша оқитынын білген едік. Бойжеткен өз болашағын спортпен байланыстыруды жоспарлап отыр: оның мақсаты - спорт шебері атағын алу және Олимпиада ойындарына қатысу.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.