Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде хиджаб киюден бас тартқан қызын аяусыз ұрып-соққан ата-ананың видеосы тарады (ВИДЕО)

Желіде хиджаб киюден бас тартқан қызын аяусыз ұрып-соққан ата-ананың видеосы тарады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қырғызстанда ата-анасы 20 жастағы қызын молдаға күштеп апарып, денесіне және психикасына ауыр жарақат келтіргені туралы оқиға жария болды, деп хабарлайды kznews.kz.

“Сезім” дағдарыс орталығының мәліметінше, Бішкек қаласының тұрғыны өз отбасында ұзақ уақыт бойы қорлық көрген.

Жас қыздың айтуынша, ата-анасының мұндай қатыгез әрекетіне оның хиджаб киюден бас тартуы себеп болған. Отбасы оны бірнеше рет молдаға апарып, “жын шығару” рәсімдерін жасатқан. Рәсім кезінде бойжеткен шлангпен ұрып-соғылған, сондай-ақ жағымсыз иісті сұйықтық құйылған бөшкеге күштеп батырылған.

Қыздың сөзінше, ата-анасы оның бостандығын да шектеген: телефонын тартып алып, үйден шығуға тыйым салған. Бойжеткен отбасының соңғы бір жылда радикалды діни көзқарастарға бет бұрғанын айтқан. Бұл жайт қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

“Сезім” орталығының өкілдері ата-анасымен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін жағдайға белгілі бір өзгеріс енгізілген. Орталықтың мәліметінше, әңгімеден соң қызға хиджаб кимеуге рұқсат берілген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.