Ресей "жалғызбастылар" еліне айналып бара ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде цирктегі арыстан көрерменге атылған жаға ұстатарлық кадрлар тарады (ВИДЕО)

Желіде цирктегі арыстан көрерменге атылған жаға ұстатарлық кадрлар тарады (ВИДЕО)

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласындағы цирк қойылымы кезінде қауіпті жағдай тіркелді. Көрсетілім барысында жолбарыстар өнер көрсетіп жатқан сәтте олардың бірі қоршаудан асып өтіп, көрермендер отырған аймаққа секіріп кеткен, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға үш жыртқыш қатысқан номер кезінде болған. Манеж бен көрермендерді бөліп тұрған қорғаныс торы кенеттен құлап, соның салдарынан бір жолбарыс еркіндікке шыққан. Куәгерлердің айтуынша, жыртқыш біраз уақыт қатарлар арасында еркін жүрген.

Сол сәтте залдағы ересектер балаларды қорғау үшін оларды қалқалап, қауіпсіз жерге әкетуге тырысқан. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Кейін цирк қызметкерлері жолбарысты қайтадан торына кіргізіп, жағдайды бақылауға алды. Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тексеріс жүргізуді бастады. Ростов облысының ішкі істер органдары барлық мән-жайды анықтап жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Ресей Тергеу комитетінің өңірлік басқармасы да аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тексеріс жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті шешім қабылданады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.