KZNEWS.KZ
Басты тақырып

Зеленский бірқатар сотталғандарды босатты

• Еркебұлан

Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский әскери тәжірибесі бар бірқатар сотталғандардың босатылатынын, олардан барлық санкциялар алынып тасталатынын хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Моральдық тұрғыдан қиын шешім қабылданды-соғыс жағдайында соғыс қимылдарына қатысушылар, нақты жауынгерлік тәжірибесі бар украиндар қамаудан босатылып, өз кінәсін өтей алады. АТО-ға қатысушы бірқатар адамдардан (Донбасстағы Қарулы Күштердің күштік операциясы — ред.) барлық санкциялар алынып тасталады", — деді ол өз үндеуінде.

Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →