KZNews.kz
Әлем

Зеленскийге соңғы жылдары оннан астам қастандық әрекеті жасалған

Қайсар Қанат
Louiza Vradi / Reuters

Арнайы әскери операция басталғалы бері Украина президенті Владимир Зеленскийге оннан астам рет қастандық жасауға әрекет жасалған, деп хабарлайды kznews.kz.

CNN телеарнасының мәліметінше, болжамды орындаушылар Зеленскийді өлтіру мақсатында президент кеңсесіне жақын маңнан тұрғын үй жалға алған. Соған қарамастан, Зеленский Батыс елдерінің өзіне және отбасына шетелде паналау туралы ұсыныстарына қарамастан Киевте қалған.

Ақпаратта айтылғандай, қақтығыс басталғалы бері Украина басшылығына төнген қауіп жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде мемлекет басшысына қатысты оннан астам осындай әрекет тіркелгені хабарланып отыр.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →