KZNews.kz
Әлем

Зеленский Путинді Киевке шақырды: Кремль бұл шақыртуға үн қатты

Қайсар Қанат
Anadolu Ajansı

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина басшысы Владимир Зеленскийдің шақыртуына Кремльдің назар аударғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Песковтің сөзінше, бұл ұсыныс Кремль үшін тосын жаңалық емес.

"Бұл мәлімдемелерді біз де көрдік әрі естідік. Соңғы күндері, тіпті соңғы сағаттарда да көптеген түрлі мәлімдемелер айтылып жатыр", – деді ол.

Сонымен қатар Песков Ресей президенті Владимир Путиннің Зеленскийді Мәскеуге шақыру туралы ұсынысы украин тарапының бастамасына жауап ретінде жасалғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Владимир Зеленский халықаралық қауымдастық назарын аударту мақсатында Ресей президентін Киевке келіп, жағдайды өз көзімен көруге шақырған болатын. Ал ресми Мәскеу бұл бастамаға сақтықпен қарап, нақты келіссөздер тек тиісті формат пен шарттар аясында ғана мүмкін екенін меңзеп отыр.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →