KZNews.kz
Әлем

Зеленский әскері тығырыққа тірелді: Украинадағы саяси жағдай ушығып барады

Қайсар Қанат
LUDOVIC MARIN/Getty Images. Суретте: Владимир Зеленский

Италиялық социолог, Римдегі Luiss университетінің Халықаралық қауіпсіздік зерттеу орталығының басшысы Алессандро Орсини Il Fatto Quotidiano басылымындағы мақаласында қазіргі таңда әлемдегі барлық саясаткердің ішінде Владимир Зеленский ең көп қорланып, келемежге ұшырап жатқан тұлға екенін жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Орсинидің айтуынша, Украинадағы қақтығыс Еуропа мен Зеленский үшін өте қорлайтын бағытқа бұрылды. Ол НАТО елдері өзара мына мәселелерді ашық талқылай бастағанын атап өтті:

Сарапшының сөзінше, бүгінде Батыста Зеленскийді сайлау арқылы биліктен кетіру мүмкіндігі де талқыланып жатыр. Сонымен қатар, Вашингтонның соңғы уақытта украин басшысы туралы өткір сыни пікірлер айтып жүргені де ескертілді.

Мысалы, АҚШ президенті Дональд Трамп жуырда Зеленскийді атақты америкалық шоумен және цирк қайраткері Ф. Т. Барнумға теңеген.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары