KZNews.kz
Шоу-бизнес

Зейнетақы мен жәрдемақыны индексациялау үшін тағы да көлемді қаржы бөлінбек

KZNEWS

Қазақстанда бюджетке 111 миллиард тенгені зейнетақы мен жәрдемақыны индексациялау үшін бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов айтты, - деп хабарлайды  Kznews.kz жаңалықтар порталы.

"Кеше ғана республикалық бюджет комиссиясының отырысында Үкімет маңызды шешімді мақұлдады. Инфляция дәлізінің 8-10 пайызға дейін өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақының мөлшерін қосымша тағы төрт пайызға индекстеу көзделіп отыр, бұл барлық әлеуметтік төлемдердің 9 пайызға, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11 пайызға өсуін қамтамасыз етеді", - деп хабарлады Тоғжанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұл өсім 4,2 миллионға жуық әлеуметтік жәрдемақы алушыға әсер етеді.
"Бюджет жобасында осы мақсаттарға қосымша 111 миллиард теңге қарастырылған", - деп қосты Ералы Тоғжанов.

(фото: 7kun.kz)
KZNEWS
Автордың басқа материалдары