АҚШ-тың Пенсильвания штатында 68 жастағы зейнеткер бір ай бойы қайтыс болған әйелінің мәйітімен бірге тұрған. Ол жұбайының өлімі туралы полицияға хабарламаған. Бұл туралы 21 сәуірде Mirror басылымы жазды, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиға Саут-Лондондерри елді мекенінде болған. 14 сәуір күні полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылардың үйіне келгенде сырттан-ақ қатты шіріген иісті сезген.
Алғашында Майкл Микула тәртіп сақшыларымен есік қоңырауы арқылы сөйлесіп, 66 жастағы жұбайы Шарлиннің үйде жоқ екенін айтқан. Алайда есікті ашқан кезде полицейлер жатын бөлмеден әйелдің еденде жатқан мәйітін тапқан.
Зейнеткердің айтуынша, бір күні таңертең оянғанда әйелінің қайтыс болғанын көрген. Ол бұған дейін жұбайының тамақ ішуден бас тартқанын және жиі төсектен құлап қалатынын айтқан. Сондай-ақ күніне кемінде бір рет тамақтандыруға тырысқанын жеткізген, бірақ медициналық көмекке жүгінбеген.
Мәйіттің қатты ыдырауына байланысты өлімнің нақты себебі мен жағдайларын анықтау қиынға соққан. Дегенмен, жергілікті БАҚ мәліметінше, рентген нәтижесінде әртүрлі кезеңдегі көптеген сүйек сынғандары анықталған.
Тергеушілер әйелдің өлімі тиісті күтімнің болмауынан болуы мүмкін деген нұсқаны қарастырып жатыр. Майкл Микула қамауға алынды.