Жаңалықтар

Жазушылар да, ғалымдар да үндемеді: Көз жасын көл етіп, халыққа кімдер араша түсті?

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Жазушылар да, ғалымдар да үндемеді: Көз жасын көл етіп, халыққа кімдер араша түсті?
kznews.kz коллажы

Белгілі жазушы, журналист Қанат Тілеухан Facebook желісіндегі ресми парақшасында Желтоқсан оқиғасына қатысты естелік жазбаны жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Қанат Тілеухан бұл жазбасында жазушы Бекежан Тілегеновтің "Тұңғиық өмірдің құпиясы" роман-толғауынан мысал келтіреді.

"Камал Смаилов бастаған Орталық Комитет Жазушылар Одағында күнде жиналыс ашып, алаңға шыққан жастарды жазғыруға, әшкерлеуге, айыптауға шақырды, мәдениеттің қаймағы деген қалың топ Камалдың халықтың осы бір «жүгенсіздігін», «ұлтшылдығын» әшкерелеп, маскүнем, наша тартқан азғын жастардың жауыздығын айыптауға шақырған ұранына ерді, құлақ түрді. Ең аяныштысы, көпшілік Камалды қолдап, соның сөзін сөйлеген болды. Осы жиналыстарда Камалдың жетегіне ермей, жылап-сықтап, көз жасын көл қылып, жаны ашынып сөйлеген екі-ақ адамды көрдім. Оның біреуі - әнші Роза Бағланова, екіншісі - артист Досхан Жолжақсынов еді. Екеуі де алаңда болғанын жасырмай, балалардың қырғын соққыға ұшырағанын өз көздерімен көргендерін айтты. Жұрт тек алаңға барғаны үшін есепке алынып, саяси сенімсіздер тізіміне ілініп жатқанда екеуі тайсалмай көкейіндегі ойларын айтты. Онысы үлкен идеологтарымызға жақпай да қалды. Басқа не бір жазушы, не ғалым, не атағы жер жарған өнер қайраткерлері батылы жетіп, топ жарып шыға алмады".

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz