Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаздым, жаңылдым: Перуашев штрафстан деген сөзін қайтып алды

Жаздым, жаңылдым: Перуашев штрафстан деген сөзін қайтып алды
Ақ жол партиясы

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев бұған дейін қоғамда қызу талқыланған «Штрафстан» сөзіне қатысты пікір білдіріп, бұл мәлімдеменің орынсыз айтылғанын мойындады, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистердің сұрағына жауап берген депутат өткен жылы да осы мәселеге байланысты сын айтылғанын еске алып, өз қателігін түсінетінін жеткізді.

– Былтырғы жылы да осындай сөз шыққан кезде бұл сөздің дұрыс емес екенін мойындадым. Расында да Парламент депутаттары дөрекі сөйлемей, мәдениетті түрде пікір білдіруі қажет. Президент тек мені ғана емес, өзге азаматтарды да сынға алды. Бұл – жұмыс барысындағы қалыпты жағдай. Мемлекет басшысының сөзін сынақ ретінде қабылдап, әрі қарай жұмыс істеуіміз керек, – деді Азат Перуашев.

Оның айтуынша, «Штрафстан» тіркесін қолданудағы мақсаты Қазақстанды кемсіту емес, елдің өркениетті мемлекет ретінде дамуы қажеттігін жеткізу болған.

– Мен өз сөзімде де «Біз Штрафстан емес, өркениетті мемлекетпіз» деп айттым. Бұл сөз Қазақстанды кемсіту үшін емес, құқықтық және өркениетті қоғам құру қажеттігін атап көрсету мақсатында айтылған еді, – деді мәжілісмен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды «Штрафстан» немесе «Айыппұлстан» деп атайтын азаматтарды сынға алып, мұндай пікірлер елге менсінбей қарайтын адамдардың көзқарасын көрсететінін айтқан болатын.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.