Заттыбек Көпбосынұлы хан сарайындай үйін 185 миллионға сатпақ
03.10.2021
13:25
0
2

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы үш қабатты үйін сатуға шығарды. Ол Шымкент қаласында орналасқан зәулім сарайына 185 миллион теңге сұрап отыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Әнші кең сарайдай жаңа үйіне отбасымен 2015 жылы көшіп келген. Заттыбек үйін көне грек мәдениетінің стилінде жасаған. "Үй 12 бөлмеден тұрады. Кең қонақ бөлмелері, жатын бөлмелер, кинозал және екі мезгілге арналған ас үй бар. Жер телімі 16 сотық. Жиһаздармен қоса сатылады", — дейді әнші.
"Әркімнің өз таңдауы мен талғамы бар. Бұл өмір. Түрлі жоспарларым бар. Әзірге оларды айта алмаймын" - дейді Заттыбек.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ