Атырау облысындағы отбасының жоғалып кетуіне күдікті деп аталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің ауылына «Qazaq Airan» тілшісі арнайы барып, марқұмдардың көршілерінен сұхбат алды, деп хабарлайды kznews.kz.
Жангелдин ауылындағы марқұмдардың көршісі Назгүл Нығыметова қазіргі таңда іздестіріліп жатқан Наурыз Мұқанғалиев жайлы естіген-білгенін айтып берді.
«Желтоқсан айының ортасынан бастап естідік: жаңағы марқұм Наурыз жат дінге кіріп кеткен екен, әке-шешесін шетел асырып, Сирияға алып кетіпті деп естідік. Сондай сөздер ауыл арасында айтылып жатты. “Олай болуы мүмкін емес” деп, біз оған сене алмадық. Сосын тағы да сыбыстар шыға бастады: малдарын сатып жатыр екен, ата-анасы ауырып, қалаға көшіп жатыр екен деп айта бастады. Анасы қан қысымынан ауырады екен, сол кісіні қаратуды ойлап, Ташкентке алып кетіпті деп айтылды. Одан кейін барлығыңыз білгендей, жария болды. Қазір ауыл тұрғындары қорқып отыр, балаларымызды алысқа ойнауға жібермейміз»- деді көршісі